Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі
рим дәрігері
Гален.
Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр),
Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды.
Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі клеткалар(жасушалар) тұрады. Клеткалар клеткалық затпен қосылып
молекула (ұлпа) құрайды.
Молекула:
· эпителиалдық,
· дәнекерлік,
· бұлшық еттік,
· жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді.
Молекула қосылып
органдарды құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ
қызмет атқаратын органдар (мүшелер) –
органдар (мүшелер) жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары
адам ағзасын құрайды.
Ағзалар бірнеше органдарға бөлінеді:
1. тірек-қимыл аппараты;
2. ас қорыту органы;
3. тыныс алу органы,
4. несеп-жыныс органы;
5. жүрек-тамыр органы (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе болып бөлінеді);
6. сезім органдары;
7. бездер жүйесі;
8.
жүйке жүйесі.
Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады.
Адам денесі бас,
мойын, бағана, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам
қаңқасына бағана қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқаларына жатады. Бас сүйек:
ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3-5) бөліктерінен тұрады.
Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш қуысын құрайды.
Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, көк бауыр , ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан.
Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады.
Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды.
Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады.
Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер қорғап тұрады.