I- сабақ
Анатомия

“Inemed” орталығының Алтын ине курсына қош келдіңіздер.
Ине салу – медициналық біліммен келетін таңғажайып өнер.
Алтын Ине: химиясыз, залалсыз емдік медицина.
Егер сіз медицина саласына қызықсаңыз, дұрыс білім алып , тәжірибе жинасаңыз әрине үйреніп кете аласыз.
Өнер білім үйрену еңбекқорлықтың байланысты демекші, ерінбей үйренсеңіз білікті маман болуыңыз сөзсіз
Келесі сабақта сіздер, Қытай медицинасының негізгі білімдерімен танысатын боласыздар.
Сәттілік !

Осындай жолда мен Халида Далабайқызы Қытай Чжанша медицинасын 7 жыл оқып одан соң, Қалалық Қытай халық емханасында 2 жыл қызметте болдым.
2019_ жылы Қазақстанға қоныс аударып, осында өз мамандығым бойынша қызмет етудемін және Алтын ине курсын ашып, халыққа білім берудемін
Менің Алтын ине оқытудағы мақсатым : Ине салу арқылы ауруды емдейтін көптеген білікті мамандарды Қазақстанда шығару.
Дені сау халықтың ұрпағы да сау.
Алғашқы өтетін сабағымыз анатомия.
1-сабақ анатомия
Адам анатомиясы
Медицинада ең басты білу қажет әрине ол Анатомия.
Адам анатомиясы (латынша – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді)
адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылымының бір саласы.
Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален,
Қазақ даласында адам анатомясын зерттегенн ғалмдарымызда бар
Өтейбоидақ Тілеуқабыл ұлы
Халел Досмұхабет ұлы.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 -ғасырда) «Шипагерлік баян» кітабында: жүрек, ми, сөл т.б. мүшелердің адам ағзасында алатын орны жоғары.
Күйік, үсікті емдеу, тамыр ұстау сияқты өзекті мәселер жазылған.
854 түрлі өсімдіктерден жасалған және 455 түрлі жануарлардың мүшелернен жасалған шипалық шөп дәрілері бар.
Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасырда) – қазақ медицинасының жаратылыстану ғылымдарының негізін салушы.
Бүкіл тірі ағзалар сияқты адам денесі клеткалардан тұрады. Клеткалар клеткалық затпен қосылып молекула құрайды.
Молекула:
l эпителли
l дәнекер
l бұлшық ет,
l жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді.
Молекулалар ағзаларды құрайды. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын Бірақ құрылысы мен дамуы біртектес ортақ қызмет атқаратын ағзалар - ағзалар жүйесін құрайды.
Ағзалар бірнеше топқа бөлінеді:
1.Тірек-қимыл жүйесі;
2.Ас қорыту мүшелері;
3.Тыныс алу жүйесі,
4.Несеп-жыныс жолдары;
5.Жүрек, қан тамырлар жүйесі.
6.Сезім жүйесі;
7. Без жүйесі;
8.Жүйке жүйесі.
Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен байланысын жүзеге асырады.
Адам денесі : бас , мойын , омыртқалар , қол- аяқ сүйектерінен құралады.
Адам қаңқасына : омыртқа қаңқасы , кеуде қаңқасы, бас сүйек және қол-аяқ қаңқаларын құрайды.
Бас сүйек: ми сауыты , бет сүйегінен тұрады.
Ми сауытының ішінде: ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан.
Омыртқа бағанасы:
(7) жүп мойын омыртқасы,
(8) (12) жүп кеуде омыртқасы,
(5) жүп бел омыртқасы,
(4) жүп сегізкөз омыртқасы,
(3) жүп құймышақ омыртқасы, бөліктерінен тұрады.
Омыртқа бағанасының кеуде бөлігінде 12 жұп қабырға сүйектері құралып Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеуде құсын құрайды.
Кеуде қуысында :өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, күре тамыр мен жүйке талшықтары орналасқан.
Құрсақ қуысы: бауыр, асқазан, көк бауыр , ішек, ұйқы безі, бүйректерден құралады.
Омыртқа бағанасының: бел бөлігі құрсақ қуысы мен бірігіп іш қуысын құрайды. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлініп тұрады.
Іш қуысының төменгі жағында жамбас астауы орналасқан болып: несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары бар .
Қол қаңқалары: жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ , кәрі жілік, қол басы сүйектерін құрайды.
Аяқ қаңқасы: жамбас , ортан жілік, асықты жілік , аяқ басы сүйектерін құрайды.
Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасып, оларды бұлшықеттер қорғап тұрады.



Қайырлы күн, әріптестер!