Қытай медицинасы, 5000 жылдық тарихы бар медицина.Ұлттық әрі тарихы тереңде жатқан, адам денсаулығының шынайы сау әрі таза болуын маңызды деп санаған.Сонымен қатар адам өзінің өмірін тануы, денсаулықты қалай сақтап, қорғау керектігін және емдеу жолдарын ұғындыратын медицина.
Адам мен қоғамның факторының байланысы бір. Адам ға қоршаған қоғам міндетті түрде әсерін тигізбей қоймайды. Табиғаттың адам денсаулығына әсері 3 ке бөлінеді.
Биологиялық
Физиологиялық
Психологиялық
Биологилық факторларға экологиялық өзгерістер, ауа райының ластануы және қышқыл жаңбырдан пайда болатын, мезгілдік аллергиялар. Шаш түсу, дцп және инсульт аурулары пайда болады.
Физиологиялық факторларға адам сүйегіне артық дәрежеде қысым түсіргеннен, ауыр көттергеннен және күнделікті көп қимылдамай, бір орында отырғаннан да пайда болады. Уақытылы ұйықтамаудың өзі ми қан тамырларын құрғатып, жүйке жүйесін шаршатып ерте қартаюға әкеледі. Дұрыс уақытымен тамақтанбау асқазан ауруына әкеліп соғады. Жатар кезде майлы тамақ жеу, бауыр мен жүректің май басуына әкеліп соғады.
Психологиялық факторларға үнемі қорқынышта жүретін уайым қайғы, стресс адамдардан келетін жағымсыз эмоциялар, ашулану дан келіп шығатын бауыр ауру, жүйке шаршау, бас ауру, давление көтерілу сияқты жәй ғана эмоция басқара алмау ауруларға әкеліп соғады.
Біздің медицинаның басты инструменті – ИНЕ. Иненің де өзіндік маңызды ережелері бар.
Ең алдымен :
- Қолды жақсылап спиртпен тазартып алу
-Керекті нүктелерді, саусақпен тауып алу қажет
-Иненің тек сабын ұстау қажет! Иненің тіпті ұшына адам қолы тимеу керек! Қол тиген инеге Инфекция түсіп, таза болмайды
-Инені салып жатқанда тереңдігін анықтау үшін, адамның нерв вибрациясы реакция білдіреді . (оны адамның түрінен де байқауға болады)
-Ине 20-30 минут аралығында тұру қажет.Осы уақыттың ішінде ине тұрған жерде қан айналымы жүріп, адам ағзасындағы әртүрлі ауруларды энергетика алмастыру арқылы емдейміз.
-Ине салып болған соң, адамның денесінде ауырсыну басталып, алып тастауын айтса, Инені артқа тартып орнына қайта қою керек. Немесе ауырғанды басатын жол, Ине салған жердің айналасын саусақпен соқпақтау керек
-Инені денеден суырып жатқанда, ине алынбай жатса тұрып қалып,
бірден жұлып алмау қажет. Егер ине нервке қысылып қалған жағдайда, инені нервке қарай тығып,сәл бұрап алса, иненің шығуы жеңіл әрі тез болады.
Келесі сабақта сіздермен иненің кішкентай ұшының өзі адамның тән және жан энергетикасын алмастыру жолдарын білетін боласыздар.