III- сабақ
Медицинадағы Иня Янь адам энергетикасы. Органдар мен ағзалар
Медицинадағы - Инь Янь байланысы.
Инь Янь белгісі Қытай медицинасының символы ретінде саналады.
Инь Янь бір бірін толықтыру, бір баланста сақтау дегенді білдіреді. Ақ сәуле мен қараңғы көлеңкенің тоғысып ортақ байланыста болады. Сол секілді адам денесінің ашық(жүрек пен өкпе,асқазан) беткі бөліктері мен көлеңкелі (арқа,бүйрек, бауыр, көк бауыр сияқты) тұстары деп Иньді Қара. Янь Ақ деп түсінеміз.



Келесі Сабақта Ине нүктелерінің байланысы меридиан каналдары туралы сабақты өтеміз.


Янь аурасы ашық нұрлы деп сипаттасақ. Инь қараңғы таныштықты білдіреді.Қытайлықтар табиғат заңдылығына қатты мән береді. Адам жаратылысы мен табиғат үндестігі медицинаның түп тамыры.Қытай медицинасында екі жақтың балансын сақтау арқылы, денені сау нәтижеге жеткізеді. Аспан мен жер. Адамның басына түсетін күн мен аяғы тиетін жер. Басынан аяғына, аяғынан басына дейін жүретін энергия алмасуы. Денені байланыстырып, бір бірімен пайдалы зат алмастырады.
Сырт жақтан адамның ішкі жан дүниесіне әсер етіп, эмоция адреналин толқу тудыратын сезім ол Янь. Ішкі күйзелістен төмен қарай түсу, физикалық түрде құлауы және сезімдері бірқалыпты тыныштық жәй күйін Инь деп атаймыз. Бұл биологиялық құбылыс, медициналық өзгеріс.Адам өзінің денсаулығын күтіп өз өзін емдеуі.

Жүрек пен өкпе Янь ға кіреді. Жүрек – ОТ болса, өкпе – МЕТАЛ.Екі органда жылулық беретін болғандықтан, Янның(жүрек) Яньға (өкпе) алмасуы, жаз мезгілінің символы. Егерде адамның бойында Янь ыстығы көбейіп кетсе, бас ауру,мұрыннан қан ағу болады.
Адамның бауыры ағаш Инь ға кіреді ал жүрек от Яньға кіреді. Инь Яньға алмасқан түрінде шығыс немесе көктем символы ретінде болып, Мысалы: тұмау, иммунитеттің түсуі , бронхит, анемия, аллергия басталуы.
Бүйрек суға жатады. Көк бауыр топыраққа жатқызамыз.
Солтүстікпен қыстың символын, Иньның Иньға алмасқан кезін айтамыз.
Бүйректің әлсіздігі, қол аяқтың ісінуі, буынның сырқырауы, артрит,артроз, грыжа.
5 энергетика организмнің қозғалыстағы, әрі бір-бірімен байланысты энергия күші. 5 энергетиканың адам денесіндегі ағзалармен және сыртқы факторлармен байланысы бар. Адам өмірінде осы энергетикалар міндетті түрде болу қажет.
Күнделікті тұрмыста бұл энергетикалар адамның ағзасына керекті заттарды береді. Жататын тұрмыс орнында ағаш заттар болса,оттан пісіп жасалған табиғи тамақтар, жалаң аяқ жүріп топырақтан алатын энергия, әшекей бұйымдар таққан кезде метал энергиясы ағзаны балансқа келтіріп отырады.
Су –ұстауға болмайтын, ағып тұратын организмдегі сұйықтық.Денедегі қалдық заттарды, термен сыртқа шығару.
От - лаулап жанып, жылулық пен құштарлық сыйлайды
Топырақ – дән екен секілді, тамырланып ұрпақ көбейтуге жатады.
Метал – организмдегі қалдық заттарды өзіне жинап, тазартады.
Ағаш – тамыр жайып өскен секілді, адамның бала кезден, өсіп даму этаптары.

Жүрек (от)адамның моторы. Көптеген аурулар негізінде адамның эмоцияларымен келеді. Адам қорқыныш және үреймен өмір сүрсе оның жүрек қызметі бұзылады. Жүрек деген оттың символы. Жүрекке ауыр сөз айтылып көңілі түссе адамның жүрегі от секілді өшіп инсультқа тез алып келеді. Жүрек дұрыс жұмыс жасамағандықтан мидың қан айналымы дұрыс болмайды, үлкен ми ұяшығында қан тамыры жарылып үлкен мида қан ұйып адам өзін өзі басқару қызметінен жоғалтады.
Өкпе(топырақ)-Тыныс алудың қызметін атқарады. Егер адамның өкпе қызметі бұзылса - кеуденің қысылуы, жөтелу және зоб пайда болады.
Көк бауыр (метал)- жүрек, асқазан,өкпе, секілді органдарды ретке салып отырады. Адам үнемі ашу үстінде жүрсе көк бауыр қызметі бұзылады. Және адам тез стрессқа түседі.
Бауыр(ағаш) - қан тазартып, барлық органдарға команда беріп тұрады.Иньді Яньға айналдыру қабілеті.
Бүйрек(су) – несеп шығаратын орган. Бүйректің қызметі бұзылған жағдайда Цистит пайда болады.

6 орган
-Асқазан
-Өт
-Аш ішек
-Жуан ішек
-Қуық безі
-Омыртқа
ӨТ‑ Негізгі қызметі қышқылдық және негізгі сұйықтықтарды реттеу қызметін атқарады.
Тағамдардан қышқылдарды және негіздерді бөледі. Егер өт сөл сұйықтықтарын бөле алмағанда адамның бауыр қызметіне әсер етіп ыстығы жоғарылап терісі сарғайып кетеді. Сөл бөлі қызметі әлсіреп, адамның аузы құрғап, жасыл запран құсады.
Асқазан- Ас қорыту органы. Аш ішек және анос ішекпен жалғасып жатады. Уайым қайғыға түскен адамдардың асқазан қызметі бұзылады.

Аш ішектің - химиялық зиянды заттарды және құрттарды өлтіретін сұйықтықты бөле алады.
Тоқ ішек- Сөл бөліп, нәжіс және несеп шығарады.
Қуық- Несеп бөліп шығарады.
Омыртқа- арқа бөлігінің қызметін атқарып,қан айналымын ретке келтіріп энергетиканы алмастырады.